Сыңғырла, соңғы қоңырауІ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Садовый бастауыш мектебі
САЛТАНАТТЫ ЖИЫН:
2011 - 2012 оқу жылы
«СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» сценарийі.
Мектеп залында немесе ауласында салтанатты шараға шақырылған ата-аналар, мектеп оқушылары, ұстаздар және т. б. Мереке салтанатты сапқа тұрғызудан басталады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер! Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын – соңғы қоңырау салтанаты.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар 2011-2012 оқу жылының соңғы қоңырау, яғни «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші: Өзіңмен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің, айналайын халқым менің!
Жүргізуші: Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың
Армысыздар аяулы ұстаздарым,
Сенері сендерсіңдер халқымыздың
Жүргізуші: Өмір берер ертеңгі бағаларын
Ұядан ұшпақ бүгін балаларың
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген
Қош келдің әкелер мен аналарым
Жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары – гүл
Бағбан – ұстаз баулыған құстары – бұл,
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,
Ұрпағың мақтануға болса лайық,
Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.
Биылғы жыл түлектерін,
Құрметпен қол соғып қарсы алайық!- деп алтын ұя мектебіміздің 4 – сыныбын, яғни бастауыш класты аяқтағалы отырған түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Ортада 4 класс оқушылары. Барлығы 14 оқушы. Класс жетекшілері Абишева Зулфия Өтесінқызы, Кадиева Гүлсая Серікбайқызы. Қарсы алыңыздар!
(Астана вальсі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: