Кузнецкий жалпы білім беру орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Чоягийн С.
«Күз-мереке,күз береке»
Кештің мақсаты: оқушыларды ұйымшылдығын ,қызығушылығын арттыру,ой-өрісін кеңейту. Табиғат сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік:шаралар,әр түрлі жапырақтар,жеміс-жидектер мен тағамдар қойылған дастарқан,күзге байланысты нақыл сөздер.
Жүргізуші:
Қош келдіңіздер «Күз-мереке,күз береке» еліне. Бүгін 2-4 сыныптар арасында «Күз-мереке,күз береке»мерекесі тойланғалы жатыр. Мерекеге көп балалар дайындықпен келді. Мерекелі күз келгелі бәрімізді қуантады. Кел, жемісі мол алтын күз, халқымыз кемелдене берсін.
Жүргізуші:
Қуандырып біздерді,
Берекелі күз келді.
Мерекелі күз келді,
Көбейді құт береке –
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Жүргізуші:
Өрік, алма
Шие, алма
Жидек жүзім піседі.
Қауын – қарбыз
Қияр – сәбіз
Қоймаларға түседі.
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады? (Күзде)
Балалар білесіңдер ме? Неге біз «Алтын күз» деп атаймыз?
Жүргізуші:
Біз айтамыз Алтын күз деп
Көп піскен соң бау ішінде
Сары алтындай сары қауын
Қауын – қарбыз жемістермен
Толтырамыз қол себетті
Алтын күз деп атлды
Күз айы да сол себепті
Сонымен балалар мерекелік шара сайыс түрінде өтеді. Сайысты бастамас бұрын. Әділқазылар алқасымен таныстырайық:
Әділқазы,мына отырған ағалар,
Әр ғылымның иегері ,ұстаздар.
Сіздерсіздер сан алтындай салмақтап,
Ортамыздан нағыз жүйрік саралар.
Ал балалар мен сендерді бүгінгі сайыс шарттарымен таныстырайын.
1-ші сайыс: Таныстыру (Әр топ өздерін таныстырады)
2-ші сайыс: Жұмбақ шешу кезеңі
3-ші сайыс: Кім тез түсінеді?
4-ші сайыс: «Кім шебер?»
5-ші сайыс:
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>