ілі бір сұраққа жауап беретін мағналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.
Жеке тұрғанда лексикалық мағынасы жоқ, көмекші сөздер өз бетімен сөйлем мүшесі бола алмайды. Ол тек негізгі сөзбен тіркесіп барып сөйлемнің күрделі бір мүшесі болады. Мысалы: Мен мектепке оқу үшін келдім. (үшін шылау).
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
35жаттығу. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқып, дара және күрделі сөздерді тап.
Күрделі сөздерді теріп жаз, олардың қандай сөз табына жататынын тұсына (жақшаға) жазып көрсет.
1. Аптада жеті күн бар. 1. Бір жылда он екі ай бар
2. Екі қыз ән салды. 2. Үйірмеге он бес бала қатысады.
3. Оқушы партада отыр. 3. Оқушы жазып отыр.
4. Радио үстелде тұр. 4. Радио сөйлеп тұр.
--
--
Сөйлем мүшесі дара сөзден де, күрделі сөзден де жасала береді.
--
Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесін сөйлемнің дара мүшесі дейміз: Шығыстан жел соқты.
--
Екі немесе одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін сөйлемнің күрделі мүшесі дейміз: Шығыстан жел соға бастады.
--
36,37жаттығу. Сөйлемдерді оқып, күрделі сөздерді тап, олардың қандай мүше болып тұрғанын айт.
Алғашқы бес сөйлемді сөйлем мүшесіне талдап, тиісті сызықтармен сыз.
38-жаттығу.
Мәтіннен күрделі мүшелерді тап, түсіндір.
Ойыңды дәлелдеп үйрен.
Қосымша жұмыс
Өлеңді оқы.
Сөйлемнің күрделі мүшелерін тап.
Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей шақта.
Отырмын айдын көлдің жағасында,
Көл жатыр үйреншікті шарасында.
Жағалай жасыл бұйра сыңсиды орман,
Қосылып
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>