у, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік берген де, құқыққақарсы іс-әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп, сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: «… мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ, соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу».
Сыбайлас жемқорлық – өздерінің лауазымдық өкілеттіліктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді пайдаланып, немесе мүліктік пайда табу үшін заңда қарастырылған мемлекеттік қызметтегі және оларға теңестірілген тұлғалардың өздері немесе делдал арқылы мүліктік игіліктерді немесе артықшылықтарды қабылдау емес, ол лауазымды адамдарды оларға заңды және жеке тұлғалардың аталған игіліктерді және артықшылықтарды құқыққа қайшы жолмен ұсынып, параға жығуды болып табылады 1.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кезкелген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда.
Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлтт
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>