Сағат 24
Мерзімі: 03. 03. 2016
Cабақтың тақырыбы: Cуреттермен жұмыс істеу. 
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: Оқушыларға Word-тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға үйрету. 
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 
3. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың типі: Жаңа сабақ. 
Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақтада, дайындалған слайдтар. 
Құрал – жабдықтары: компьютер, интерактивті тақта, компьютерлік слайдтар, оқулық, Microsoft Office Word 2007 бағдарламасы. 
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)
1. Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру,
 оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (8 мин)
Жазбаша тест жұмысын алу. 
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (12 мин)
ІV. Сабақты бекіту. (17 мин)
1. Деңгейлік тапсырма /компьютерде жұмыс жасау/. 
2. Информатикалық диктант. 
3. Ғажайып алаң сұрақтары. 
 V. Сабақты қорыту. (5 мин)
Электронды оқулықпен тапсырмаларды орындау. 
VІ. Үй тапсырмасын беру. (1 мин)
VІІ. Бағалау. (1 мин)
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Саламатсыздар ма, балалар! Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз. 
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. /Жазбаша тест жұмы
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
