Сураулы сойлем

Страницы: 1 | 2  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты: 1. Жаттығулар орындай отырып, сұраулы сөйлем жайлы түсінік беру. 2. Оқушылардың ойлау мен сөздік мәдениеттерін дамыту.
3. Тазалыққа,сауатты жазу мен оқуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, өзіндік
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Біз қандаймыз,қандаймыз,
Жаңа жауған қардаймыз.
Ақпыз,пәкпіз,тазамыз,
Біз білімді баламыз.
ІІ. Өткенді пысықтау. /сұрақ - жауап/
10. Мәтін нелерден құралады?
15. Мәтіннің неше түрі бар?
20. Сөйлем дегеніміз не?
25. Сөйлем нелерден құралады?
30. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
35. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
40. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
45. Хабарлы сөйлемнің тыныс белгісі қандай?
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе:
-Сені өсірген баптап кім?
Аққу неткен аппақсың?
-Таза ауада жүремін,
Тұнық суда жүземін.
-Бұл өлең жолдарының соңында қандай тыныс белгілер бар?
-Сұрақ белгісінен аяқталып тұрған өлең жолдарын оқыңдар?
-Сұрақ белгісінен аяқталып тұрған сөйлемді қандай сөйлем деп атаймыз?

Ереже:
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
Оқушылардың өздеріне мысалдар келтірту.
Оқулықпен жұмыс:
176-жаттығу. Мәтінді оқып,сұраулы сөйлемдерді көшіріп жазу.
-Көке, мынау не төбешік?
-Илеу деген не?
-Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?
-Олар тату тұра ма?




Шығармашылық тапсырмалар:
Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.
Әкем шаңғы әкелді. Толқын кітап оқыды. Ажар гүлді суарды. Асан балық аулады.
178-жаттығу. Өлеңді т

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: