Сәулет өнері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы .
Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстандағы Х - ХІІ ғасырлардағы сәулет құрылыс жүйелерімен сәндік қолданбалы өнердің дамуы туралы жан - жақты түсінік беру.
Дамытушылық: Сәулет өнерімен құрылыстың дамуына ықпал еткен факторларды ашуға, қорытындылауға дағдыландыру. Оқушылардың білімдері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Көне тарихи ескерткіштерді, ұлттық құндылықтарды сақтап, қастерлеуге, өнерді түсінуге және шеберлік шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс.
Әдісі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, танымдық ойындар, тарихи диктант, АКТ қолдану т. б.
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, бейнежазба карта, смайликтер, жетондар.
Сабақтың техникалық құралы: интерактивті тақта.
Сабақ кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)
ІІ. Үй тапсырмасы. ( 7 мин)
ІІІ. Жаңа сабақ. (10 мин)
ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту. ( 18 мин)
Ү. Рефлексия. (2 мин)
ҮІ. Оқушыларды бағалау. (5 мин)
ҮІІ. Үй тапсырмасы. (1 мин)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды түгендеу.
ә) Оқушыларды топтарға бөлу. (Түрлі-түсті жетондар арқылы топқа бөлу)
ІI. Үй тапсырмасын тексеру. ІХ-ХІІ ғасырлардағы қөлөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы. (Әр топқа үй тапсырмасы бойынша сұрақтар жазылған карточкалар таратылып беріледі)
1-топтың сұрағы:
1. Қыш құмыра жасайтын шеберханалар қай қалалардан табылды?
Отырар, Құйрықтөбе, Талғар, Тараз
2. Қазба жұмысы кезінде табылған сүйектен жасалған бұйымдар негізінен қандай заттан жасалған әшекейлер болды?
Мүйізден жасалған әшекейлер.
3. Археолог ғалым

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: