құралдары толассыз ағылып жатады. Кө-
шеде өмір қауіпсіздік ережелерін сақтауға,абай болуға,бағдар-
шам,зебра айту,түрлі оқиғалармен құлағдар ету.
Сабақтың барысы:
Мұғалім:Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделене түсуде. қауырт шақтарда ересектер жұмысқа асығып,балалар мектепке баратын таңертеңгілік және жұрттың бәрі жұмысынан,оқуынан үйге қайтадан кешкілік жүріс ерекше жиелейді. осы кездерде жаяулар мен жүргізушілер ерекше мұқият және сақ болуы тиіс.
Көшеде жүріп келе жатқан кезде қастарындағы ересектер нұсқауларына мұқият көңіл бөліңдер. Олардың рұқсатынсыз қатардан шығуға болмайды.
Қаламызда автомобильдер жылдан жылға көбейіп келеді. жаяу адамдар мен транспорттағы жолаушылар саны да көбеюде. жол транспорт оқиғаларының көпшілігі жаяулардың кінәсінән болатынын статистика қуаттап отыр. Қырсыққа әсіресе,балаларжиі тап болуда. оның себебі көптегшен мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.
Балалар тәртіпсіздік көрсеткенде,жолда жүру ережелерін бұзғанда өздерінің ғана қырсыққа тап болмай,басқа да адамдардың,автомобиль жүргізушісінің өміріне қатер төндіресіңдер
Жолда жүру ережелерін білмейтіндер,сол ережелерді бұзатындар тәртіпті сақтайтындар үшін қауіпті. ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ЖАҚСЫ БІЛЕТІН ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӘРҚАШАНДА,БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ САҚТАЙТЫНДАРҒА ЕШҚАШАН ЕШ НӘРСЕ ДЕ СОҚТЫҚПАЙДЫ
ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН ҮЙРЕНІҢДЕР,ОЛАРДЫ ӘРҚАШАНДА ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ САҚТАУҒА ДАҒДЫЛАНЫҢДАР. Өз жолдастарыңның көшеде және жолда теріс қылықтар жасауына жол бермеңдер.
1-жүргізуші: Гүлшат
Арманға алда күткен асығармыз
Біз қалай толқын атпай басылармыз
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз
2-жүргізуші: Аян
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>