Сабақтың тақырыбы " Жасушаның құрылысы"
Мақсаты: Оқушылар жасушаның құрам бөліктерінің құрылысын оқып үйрене отырып, жасушаның қызметін түсінуі арқылы жасушаның құрылысы мен қызметі арасындағы үйлесімділікке талдау жасауғаүйренеді, жалпы тірі организмдердің тіршілік әрекеті туралы білімдерін қалыптастырады
Сабақтың міндеттері: 1 ) " Жасуша - тіршіліктің қызметтік және құрылыс бірлігі" ұғымын түсіндіру;
2 ) Жасушаның құрылысын түсіну арқылы қызметіне талдау жасату;
3) Жасушаның құрам бөліктерінің құрылысы мен қызметтік үйлесімділігі арасындағы байланыстарды табуға үйрену;
4 )Өсімдік жасушасы, жануар жасушасы және прокариоттар мен эукариоттар арасындағы айырмашылықты табуға үйрету;
5 ) Тірі табиғаттың тұтастығы туралы тұжырым жасатуға дағдыландыру
Күтілетін нәтиже : Оқушылар негізгі биологиялық ұғымдарды прокариоттар ,эукариоттар, ядро, цитоплазма, органоидтар туралы түсінеді; жасушаның құрам бөліктерін тауып, оларға талдау жасайды; салыстыру арқылы жасушалардың арасындағы айырмашылықтарды табады
Сабақта пайдаланылатын әдістер : диалогтік оқыту, проблемалық ситуациялық сұрақтар , "Жуан және жіңішке сұрақтар" құрастыру, Фишбоун тәсілі .
Бағалау түрлері : формативті және критерий арқылы бағалау,
Оқуды ұйымдастыру формасы: топтық және жұптық жұмыстар
Сабақта пайдаланылатын ресурстар : жасанды моделдер, слайдтар, суреттер, кестелер, бейнеролик " жасушаның құрылысы", жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының микропрепаратары.
Сабақтың кезеңдерінің мақсаты мен міндеттері
Мұғалімнің әрекеті
Оқушы әрекеті
1 Ұымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру
Оқушылардың сабаққа дайындығы
2 Жасуша туралы білімді өзектендіру а
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>