тінемін, әйтпесе тағыда екі аламын ғой, жарай ма. Ал бастайын, мен мақалдарды оқимын, сіздер түзеп бересіздер, тек ағай біліп қалмасын, ура!
Қына басқа бітеді(тасқа). Білім шашқа бітеді(басқа). Біліп тұрсаң да сұрама(сұрап ал ). Аз біл, көп сөйле. (көп біл, аз сөйле). Көрмес сиырды да көрмес(түйені). Өнер алды ұзын тіл(қызыл тіл). Жығылып жатып жығылғанға күлме (сүрінгенге). Өнерлі сайға қарай сырғиды(өрге жүзеді).
Оқушы. Күллі өмірің жеткіншекке арналған,
Мұғалімді ардақтайды барша жан.
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған,
Бала десе ойламайды өз қамын.
Көрсем дейді күнге де қол созғаның,
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
Оқушы. Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
1 - бастаушы Ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
Оқушыларды екі топқа бөлу
Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытың аялау.
Ұстазға қарап, шәкірт өседі.
Аспаз көрген ас таныр, ұстаз көрген хат таныр.
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы. Тамаша емес пе, мына сөздерден кейін жаның жадырайды!
Оқушылар.
1. Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы.
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
2. Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің - мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да
3. Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
1 - бастаушы Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндері ардақтаймыз, сөздеріңді, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүреміз. Жан - жақты білім бергені үшін ұстаздар
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>