мезгілін жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін мұғалімдер күні де, күздің үлесіне тиіпті. Төл мерекелеріңіз құтты болсын, ізгіліктің пайғамбары ұстаздар қауымы.
1 - бастаушы. Мұғалім бақыты - шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің, дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындап, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта, бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Б. Момышұлы "Ұстаздық ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаздар тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз" деген болатын.
Хор: " Ұстазым" әні
2 - бастаушы Аяулы ұстаздарым! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған, кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. "Мектептің жүрегі", "Бала жанының бағбаны", "Бала жанашыры". Иә, бұл мектеп мұғалімі - ұстазға арналған теңеулер, бұл тізбектің шегі барма екен десеңізші. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, өздеріңізге арналған даналық сөздері тұтас бір кітапқа айналары с
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>