"Ұстаз болу - өз уақытыңды аямау, бас - қаның бақытын аялау"
(Жан-Жак Руссо)
Ұстаздарды бүгінгі заманның батырлары деп айтсақ еш қателеспейміз. Өйткені асқақ жандар күн сайын ерлікке пара-пар жұмыс істейді. Олар үшін әр күннің міндеті-"Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі оқушылар,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады" деген Елбасының сөзіне іспен жауап беру. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. "Мұғалім мамандығы - барлық мамандықтың анасы" деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.
Қандай ғалым, Ұлы адам немесе данышпан болмасын Ұстаз деген ұлы есімнің алдында басын иеді. Себебі оларға сол білімді беретін,бағыт-бағдар көрсететін,дұрыс жол нұсқайтын сол адам. . . Екінші анасына айналатын ардақты ұстазы деп түсінемін.
Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы -- жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.
Менің түсінігімдегі ұстаз - рухы таза, ой - өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та - бандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бойына сіңіріп, қоғамды өрге өркендетуші, жа - ңа - шылдықтың бастаушысы, жү - ре - гі - жылы, көңілі - дарқан адам.
Бо - лашақта мұғалім мамандығы ең беделді, әрі жоғары ақы төле - не - тін мамандықтың біріне айналуы үшін оны сүйіп, талмай еңбек ет
Страницы: 1 | 2 > >>