Білім беру саласы: "Таным"
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: "Қазақстанда қыстайтын құстар"
Тақырыбы: "Құстар біздің досымыз Торғай"
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Құстарға қамқорлықпен қарауға, көмек бере білуге тәрбиелеу Дамытушылық: Сурет бойынша тілдік қорын жетілдіру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Оқыту: Балаларға дала құстары туралы түсінік беріп, оның ішінде торғаймен жақын таныстыру.
Педагогикалық технологиялар: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер.
Билингвальдық компонент: торғай- воробей
I. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Үнтаспа тыңдату.
Үнтаспадан торғайдың дауысын тыңдату.
II. Негізгі бөлімі
Суретпен жұмыс
Біз құстарды екі топқа бөлеміз.
-Суретте қандай құстар бейнеленген?
-Торғай, қарға, қарлығаш- осылардың бәрін бір сөзбен құстар деп атаймыз.
-Кәне, бәріміз айтайық.
-Иә, балалар, құстар- біздің досымыз. Құстардың адамдарға, табиғатқа пайдасы өте зор.
Құстар зиянкес жәндіктермен қоректенеді. Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?
Құстардың жылы жаққа ұшуы, көктемде қайтып келуі, ұя салуы, балапан басуы туралы айтып келіп, құстардың бірі- торғайға тоқталады:
-Торғай- кең далада тіршілік ететін әнші құс. Денесі сопақша, басы дөңгелек, тұмсығы үшбұрышты, қанаты ұзы, сұрғұлт, боз түсті болып келеді.
Билингвальдық компонент: торғай- воробей
Сергіту сәті.
Ойын: "Ұшты- ұшты" ойыны.
Шарты: Тәрбиеші: "Ұшты- ұшты",- деп айтса, балалар қолдарын жоғары көтереді, ал "Ұшты- ұшты",- деп заттың аты айтса, балалар қолдарын көтермеуі тиіс.
III. Қортынды
Тамаша ойнадық. Белсене қатысқан балаларды мадақтау.
Страницы: 1 | 2 > >>