Құстар - біздің досымыз

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

стың төресі
Ақ мамықтай денесі
Аққу - өте әдемі сұлу құс.

6. Құстарға байланысты жұмбақты тірек сызба бойынша айтып шешу.
Д/ойын: "Бұл қай құс?"

Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
(үкі)
Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарылғаш)
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)

Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(Көкек)



7. "Зерттеу" орталығында д/ойын: "Қауырсыны бойынша таны"
Түрлі құстардың қауырсыны, су құйылған ыдыс, дайын тірек сызба үлкейткіш-лупа.

8. Д/ойын "Дауысынан таны" Диктофоннан құстардың дауысын естіп, аттарын атау.

9. "Ертегілер елінде"
(Интерактивті тақтадан көрсету арқылы ертегіні рольге бөліп айту)

10. Қорытынды. Халықтық болжамдар.
Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.
- Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
- Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
- Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
- Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
- Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
- Шағала келсе сең бұзылады.
- Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.


Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: