Жумабаева Меруерт Кенжебаевна
Аягөз аудандық білім бөлімінің "4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп"КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Әдебиеттік оқу
Сұлтанмахмұт Торайғыров "Арыстан мен тышқан"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы мағлұмат беру, "Арыстан мен тышқан" мысал өлеңінің негізгі идеясын ашу. Қара сөзбен әңгімелеуге үйрету.
Дамытушылық:Логикалық ойлауын,танымдық белсенділігін,қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:Оқушылардыбатырлыққа,еңбекқорлыққа,мейірімділікке,
бауырмалдылыққа тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,ассоциация,Венн диаграммасы.
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,тірек-сызба,арыстан мен тышқан(қуыршақ түрі).
Пәнаралық байланыс:дүниетану
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а)Оқушылармен амандасу.
ә)Психологиялық дайындық.
Бір,екі,үш,
Сыныбымыз тып-тыныш.
Қиындықтан қашпаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-О. Әубәкіров "Ара мен шыбын"
-Шыбын Араға не деді?
-Ара оған неге бірден келісе салмады?
-Қонақ күтуге Шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген?
III. Ой жинақтау,пысықтау.
1. -Егер сен араның орнында болсаң не істер едің?
-Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?
-Кесте бойынша өзіңнің сипаттауың жайлы не айтар едің?
2. Қонақ күту туралы жинақтап келген мақал-мәтелдерін оқыту.
IV. Жаңа сабақ.
Кіріспе. Тірек-сызба арқылы автор жайлы мәлімет беру.
С. Торайғыров
1893-1920 " Туған еліме" Ақын,жазушы "Арыстан мен тышқан"
Бүгін сендермен "
Страницы: 1 | 2 > >>