Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности Күні: 03. 03. 2017ж
ІІ кіші тобы "Көбелек"
Білім саласы: "Таным", Жаратылыстану
Тақырыбы: "Сиқырлы дорба"
Мақсаты: Сипап-сезу арқылы, заттардың қасиетін анықтауға үйрету. Заттардың құрылымын ажыратуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: дорба, түрлі көлемдегі заттар
Іс-әрекет кезеңдері.
Тәрбиешінің басқарымдық қызметі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Балалар сабағымызды бастамас бұрын алдымен амандасып алайық.
Балалар қараңдаршы біздің топтың ойыншықтары қайда кеткен?
Балалар тәрбиешімен үш тілде амандасады
Балалар жан-жақтарына қарайды
Ойыншықтардың жоқтығын біледі
Ұйымдастырушылық ізденіс
Балалар мен сендерге бір қызық көрсетемін.
Менде өте сиқырлы дорба бар.
Сол дорбаға барлық ойыншықтар сендерден тығылып қалыпты. Сендер оны көргілерің келе ме? Билингвальдық компонент: дорба - мешок, ойыншықтар - игрушки
Олай болса дорбаны көрсетемін және сендермен ойын ойнаймын.
Сендер дорбаның ішінде не бар екенін анықтайсыңдар.
Сергіту сәті:
Балалар тәрбиешіге назар аударады
Дорбаның бар екеніне қызығады
-Мен дорбаны көргім келеді
Балалар сөздердің орысша қазақша баламасын қайталайды
Балалар ойын ойнауға қызығушылық танытады
Балалар бір-бірден келіп тәрбиешінің қолындағы дорбадағы затты алып сипаттайды.
-Қуыршақ
-Шаршы
-Конструктор
және т. б. алып сипаттады
Бір, екі - еңкей,
Бүгілмесін тізең.
Үш-төрт шалқай
Иілмесін тізең.
Қолды көтер аспанға
Саусақты сөз, жасқанба.
Сергіту сәтін қимыл-
Страницы: 1 | 2 > >>