«Өсiмдiктермен қоштасу» ауызша журнал сабағы
Сабақтың мақсаты:
а) бiлiм беру: оқушылардың «өсiмдiктер дуниесi» саласы бойынша бiлiмiн жуйелеу, қорытындылау, бiлiм сапасын арттырып, пәнге қызығушылығын туғызу;
ә) дамыту: оқушылардың бiлiм дағдыларын,бiлiктiлiгiн, тапқырлығын, ойлампаздығын дамыту;
б) тәрбиелiк: шыгармашылық iзденiске, отансуйгiштiкке, табиғатты аялауға, еңбек етуге тәрбиелеу.
Корнекiлiгi: слайдтар, кестелер, сөзжұмбақтар, суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Уйымдастыру
II. Журнал парақтарымен таныстырып,сол бойынша сабақты откiзу.
Журнал парақтары:
I. Сауалхана
II. Ойлан тап
III. Сөздiң көркi - мақал
IV. Жанға шипа - дертке дауа
V. Еңбек етсең ерiнбей. . .
VI. Ойнайык та ойлайық
VII. Әдеби бет
VIII. Табиғатты аяла
1-бет. Сауалхана
1. «Өсiмдiк» оқулығын ең алғаш шығарған қазақтың биолог ғалымы кiм?
(Жұмақан Маусымбайұлы)
2. «Өсiмдiк пионерi» деп қай өсiмдiктi айтады? (Қына)
3. Ең ұзақ жасайтын ағаш? (Емен-2000жыл)
4. Дүниедегi ең биiк ағаш? (Эвкалипт)
5. Өсiмдiктiң қай мүшесi «жасыл асхана» деп аталады?(Жапырағы)
б. Фотосинтез үрдісін ашқан кiм? (КА. Тимирязев)
7. Бағалы антибиотик саңырауқұлақтың қай түрiнен алынады, ол қандай дәрi?(Зең саырауқұлағынан, пеницилин дәрiсi)
8. Солтүстiк Американың күн гүлi қалай аталады?(Күнбагыс)
9. Қай өсiмдiк сабағы өте жуан? (Баобаб)
10. Ең тез, жылдам өсетiн өсiмдiк. (Бамбук, тәулiгiне 1 м өседi)
11. Француз ханшасы қандай өсiмдiк гүлiмен өзiн әшекейлеген? (Картоп гүлi)
12. Өсiмдiктiң жапырағында жарықта қандай үрдіс журедi? (Фотосинтез)
13. Күн баласы атанған қай өсiмдiк? (Мақта)
14. Ең ұзын шырмалғыш өсiмдiк. (Лиана)
2-бет. Ойлан тап!
1) Сөзжұмбақ шешу Сөзжумбақ - «ТАМЫР »
3
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>