Өсімдіктер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер
Сабақтың мақсаты:
а/ Білімділігі: Оқушыларға өсімдіктер әлемі оның түрлері туралы мәлімет беру. Өсімдіктер түрі көп болғанымен, негізінен бүкіл өсімдік үш топқа бөлінетінін оқушылардың жас ерекшелігіне лайықты деңгейде түсіндіру. Өсімдік туралы білімдерін кеңейту. Өсімдіктердің пайдасы жіне оны қорғау тарулы ұғымдар беру.
ә/ Дамытушылығы: Қосымша тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын молайту. Оқушылардың қоршаған орта туралы ұғымдарын дамыту.
б/ Тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбиеге негіз салу. Өсімдіктерді қорғауға, сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік. тірек сызба
Түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, жұмбақтар, Венн диаграмасы, семантикалық карта.
І. Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологогиялық дайындық.
Қоршаған орта табиғат,
Жануарлар, өсімдік, адамзат сүю, қорғау - парасат.
Білейік мұны жамағат.

2. Үй тапсырмасы. Бізден - сұрақ, сізден - жауап.
а/ Күзгі құстар мен жануарларының тіршілігі.
ә/ Қыстап қалатын құстарды ата.
б/ Жыл құстарын ата.
в/ Ұйқыға кететін жануарларды ата.
г/ Түсін өзгертетін немесе түлейтін жануарларды ата.

Тест жұмысы. Оқушыларға топшама таратылып беріледі.
1. Адамның есту мүшесін ата ?
1) көз 2) құлақ 3) мұрын
2. Ауа температурасы немен өлшенеді ?
1) қолмен 2) көзбен 3) термометрмен
3. Күзгі жапырақ түсі қандай болады ?
1) жасыл 2) сары 3) көк
4. Өлі табиғатқа не жатады?
1) күн 2) ауыл 3) жануар
5. Тірі табиғатқа не жатады?
1) өсімдік 2) тау 3) су

ІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
Жұмбақтар:
1. Өзіне шап - шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: