Сабақтың тақырыбы:
Сіңір созылғанда, буын шыққанда,
сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем. Сүйектің сынуы.
Ашық сабақ 8сынып
Өткізген: Биология пән мұғалімі Мусина Е. С.
2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: &24. Сіңір созылғанда, буын шыққанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем. Сүйектің сынуы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тірек-қимыл жүйесі туралы толық
мағлұмат беру және сүйек сынғанда, шыққанда көрсетілетін алғашқы жәрдем түрлерімен таныстыру.
Білімділік: Оқушыларды кездейсоқ жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы жәрдем көрсетумен жеке таныстыру.
Дамытушылық:Тақырыпқа ынта қоюға, оның мақсатын, мазмұнын түсініп, білімін іс-жүзіне асыра білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың ой-санасын әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Қазақ әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттар, адам қаңқасы.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру. 2мин.
"Бойыңда білімің бар екен, одан басқаларда өз шырақтарын алардай жағдай туғыз". Т. Фуллер.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:3 мин.
1. Бәйге (сұрақ-жауап) турын бастаймыз мұнда 10 сұрақ берілген, сол сұрақтарға оқушылар кезекпен шығып жауап береді.
1 . Тірек-қимыл жүйесіне не жатады? (Қаңқа мен бұлшықеттер)
2. Тірек-қимыл жүйесі бөлімдері. (Бас сүйек, тұлға, аяқ-қол сүйектері)
З. Иық белдеуі сүйектерін атаңдар. (2 бұғана, 2 жауырын)
4. Қол жіліктерін атаңдар. (Тоқпан жілік, кәрі жілік, шыбық сүйегі)
5. Сүй
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>