не сақталынуы қажет деп ескертілген; «Шыңгыс Айтматов және оның Ыстықкөл форумы: мәдениеттер диалогы және өркениеттердің жақындасуы» атты халықаралық форумы ЮНЕСКО-ның мүшелігіне кіретін мемлекеттері 2005 жылы 20 қазандағы Париж қаласындағы қабылданған Мәдениеттердің өз-өзін білдіру формаларын сақтап қалу мен қолдау конвенциясына қосылу мәселесін қарастыруды ұсынды.
Форумның үшінші күні Ыстықкөлдің жағалауында орналасқан «Рухордо» этнографиялық және әлемдік кешен-музейінде өтті. Бұл рухани орталығында Ш. Айтматовтың көркем әлемінің кейіпкерлерінің мүсіндері, суреттелінген табиғаты, қырғыз халқының өмірі кескіндемелерінде бейнеленген. Көрермендерге музейді жасаушылары – архитекторлары, мүсіншілері, суретшілері, дизайнерлері – «этнографиялық полотносының» арқауына үйлесімді түрде Шығыс пен Батыстың антикалық, ортағасырлық, Қайта өрлеу, Ағарту, жаңа және қазіргі заманның өнерлік, көркемдік, философиялық, ғылыми әлемін енгізгені үлкен әсер етеді. Мұнда Европа мен Азияның барлық материалдық, интеллектуалдық, рухани байлығы жинастырылған: ежелгі гректердің әйел құдайларының әсем түрінде жасалынған сымбат мүсіндері, терең ойлы философтары және гуманитарлық пен жаратылыстану ғылымдарының ғалымдары, ақындары мен жазушылары, батырлары және шешендерінің ескерткіштері. Кешеннін территориясының периметрі бойында орналасқан алты храм өздерінің айбындылығымен таңдандырады. Ол ислам, православие, католик, будда, иудей, Тәңір мешіттері мен шіркеулері. Әрине, әлемнің түрлілігін жағымды қабылдайтын адам осының бәрін қырғыз халқының бүкіладамзаттың құндылықтарына құрмет көрсеткен деп қабылдайды.
Страницы: << < 4 | 5 | 6