9-11 сынып оқушыларына арналған танымдық ойын
Мақсаты: Оқушылардың арасында тату қарым-қатынас орнату, логикалық қабілеттерін шыңдау;
Түрі: сайыс
Барысы
І танысу тренингі. Әуен арқылы топтасып, үй құрау.
ІІ Іріктеу кезеңі "КВА"
І. "Мықты болсаң тауып көр. . . "
oo Бір шалдың жүзден астам ұрпағы болыпты. Оның көбі ұлдар, жиырма
шақтысы қыздар. Ұлдары мінез-құлықтарына байланысты үш топқа бөлінеді.
Біріншілері тәкәппар, ешкіммен сөйлеспейді, екіншілері байсалды, ал үшіншілері
кіммен болса да тіл табыса алады.
oo Ақысы төленетін ең ұзақ еңбек демалысы Финляндияда тіркелген. Осы елдің еңбеккерлері 9 апта бойы демалады. Одан соңғы орында немістер (8 апта), австриялықтар, испандар, португалдардың еңбек демалысы 36 күнге созылады.
oo Бұл елге басқыншылар мол қазынаға кенелеміз деп келді. Олардың ойынша бұл жерден олар күміс табуы керек еді. Алайда жоспары іске аспаған олар елді сол металдың атымен атап кетті. Бұл қай ел?
oo Қалыпты күйде адамның әр сантиметр квадратына 1 кг ,33грам қысым түседі. Неліктен адамдар бұны сезінбейді?
oo Бір ғана Мәскеудің өзінде 100 мыңнан аса Иванов фамилиясы бар. Ал Қытайдағы 90 миллион адамның тегі қалай аталады?
oo 1936 жылдан бері Вэль Баркер атағындағы кубок Олимпиада ойындарында техникасы мықты ойыншыға беріледі. Сұрақ: Қазақстандық боксшылар арасында кімдер кубокты иеленді?
oo Бұл елде барлық адамдар тең болу үшін орден-медальдар табысталмайды. Бұл қай ел?
oo Англияда 1891 жылы футбол маманы айып алаңында қорғану үшін ереже бұзған жақтың қақпасына айып добын соғу туралы ұсыныс жасайды. Бұл ұсынысты тастаған футбол маманының есімімен осы айып добын соғу аталады. Ол қалай аталады?
ІІ "Логикалық жұмбақтар"
oo YIIІYIΧ
Страницы: 1 | 2 > >>