Шығармашылық қабілеттерін дамыту

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

тығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Пікір дегеніміз - ойлау формасы,мұнда бір нәрсе мақұлданады,не теріске шығарылады. Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы - ой қорытындылары деп аталады.
Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың бағдарламалық материалды оқып үйренгендей қабылдауға терең де берік білімдеріне, іс-әрекеттеріне және дағдыларына, сонымен бірге,математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады. Сынып оқушылары бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын,оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл,біріңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан белгілі бір ережені меңгеретін жаттығуларды орындағанда оларға қиынырақ тапсырмалар, міндетті емес тапсырмалар берілуі қажет. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес. Соның бірі - оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,кітапқа ,оқуға,білім алуға деген құмарлықтарын арттыру. Осындай проблемаларды шешу мақсатында бастауыш сыныптан бастап логикалық есептерді шығару керек.
Оқу еңбегінің қаруы - ой. Логикалық жеке пікір мен өзіндік талдау біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс -әрекеттің негізгі өзегі болып келеді. Ол үшін әр адам өз орынында еңбек өнімді-лігін арттырып қана қоймай ,оның сапасын қалай өсіру керектігін ойластырғаны жөн.
Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш қуаты мен сенімін арттыру керек. Қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал. Оқушылардың білімді меңгеру үрдісі негізінен мына компоненттерден тұрады.
1. Қабылдау
2. Түсіну
3. Есте сақтау
4. Қорыту және жүйелеу.
Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерд

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: