Сабақтың тақырыбы: Шш дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ш дыбысымен және оның айтылуымен таныстыру. Ш дыбысы бар сөздерді талдау. Ш әрпі таныту. Құрамында ш әрпі бар сөз, сөйлемдерді жазба әріптермен жаздырту.
Балалардың ауызша және жазбаша тілін, ойлауын, байқампаздығын, сөздік қорын дамыту.
Білімділікке, әдептілікке, дыбыстық, буындық талдау жасауға, көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабаққа керекті жабдықтар: Әліппе - дәптер, кеспе әріптер, буындар, суреттер, слайд.
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, ізденушілік.
Сабақтың технологиясы: дамыта оқыту.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру.
Балалармен амандасу және сабаққа әзірлеу.
Психологиялық тренинг арқылы сабақты бастау
Қол ұстасып бәріміз,
Жылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
Балалар біз сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық?
- Алдымен дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар неше бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
Өткен әріптерді қайталау.
Аа,Рр,Оо,Лл
Буындарды хормен қайталау.
Ар,ор,ро,ра,ол,ло
Ала,олар,Арал,ора
ІІІ. Жаңа сабақты өту.
Зулап түсіп төменге,
Шыға алмас менсіз бегенге.
(Шана)
Тікен-тікен тік пісте
Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)
"Шырша" деген сөз қай дыбыстан басталды?
"Ш" дыбысы дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па?
Неліктен дауыссыз, қане, бәріміз айтамыз. Ал енді "ш" дыбысына кім тез сөздер тауып айтады?
- Қане, кім "шана" сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап атайды.
- "Шана" сөзінде қанша буын бар?
Шана-сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Шана сөзін айты
Страницы: 1 | 2 > >>