арды жинап, қызыл түске боялған және әктен құралған бұтақты қаңқа түзеді. Қып - қызыл бұтақтардан құстың қауырсыны тәрізді аппақ 8 қармалауыштарды - көпаяқтарды көруге болады. Бұтақты қаңқаның биіктігін 40 см дейін жетеді. Көпаяқты маржандар әктенген бұтақтары су бетіне көтерілген кезінде әр түрлі аралдар түзеді.
"Қызыл асық" тобы
Медуза - жыртқыш жәндік, қолшатыр жиегінде төмен қарай салбырап тұрған қармалауыштарымен атпа жасуша әлсіреткен жәндікті аузына салып, ішекқуысында қорытады да, қорытылмаған қалдықты қайта аузы арқылы сыртқа шығарады. Медузалар - мөлдір денелі, қолшатыр тәрізді жәндіктер. Медуза қозғалған кезде қолшатырдың жиегі жиырылып, пайда болған қуыстағы су сығылады да, дөңес жағымен алға қарай жылжиды.
Қорытындылау: Тапсырмалар орындату
Рефлексия "Екі жүрек, бір тілек". Оқушылар стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып, іледі.
Страницы: << < 1 | 2 | 3