Шаршы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Шаршы (квадрат)
Мақсаты:
1. Шаршының мәнді белгілерін,яғни ең жақын тегін және түрлік ерекшелігін анықтайды және ажыратады. Ондықтан аттап кестелік қосуға және азайтуға қатысты білімдерін бекітеді.
2. Ой-өрісін дамыту.
3. Шапшаңдыққа, жүйрік, әділ болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Шаршы және оның мәнді белгілерін біледі.
Қолданатын ресурстар: АКТ, тірек-схемалар, геометриялық фигуралар.
Қолданатын әдістер: топтық жұмыс, сто.
Сабақтың барысы: Психологиялық жағымды ахуал.
Шаттық шеңберін құру.
1. Топқа бөлу.
1-топ: Тіктөртбұрыш.
2-топ: Шаршы.
3-топ: Шеңбер. Ο
4-топ: Үшбұрыш. Δ
oo Балалар мына жерде әртүрлі геометриялық фигуралар жатыр. Қазір сіздер өз жүрек қалауларыңыз, ішкі дауыстарыңыздың ақыл беру арқылы бір фигуралар бойынша орналасамыз.
Топтың ережесімен таныстыру.
1. Тыныштық сақтау.
2. Бірін - бірі тыңдау.
3. Қол соғу.
4. Ойын ашық айту.
5. Тапсырманы дұрыс орындау.
6. Әділ болу.
Сыныптағы ережені сақтайық.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
"Бәйге" ойыны.
1. Тіктөртбұрыштың қасиеті. (қарама-қарсы қабырғалары тең)
2. 1 ғасырда неше жыл. (100жыл)
3. 2 жағы тұйықталған сызық. (кесінді)
4. Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)
5. Ең үлкен бір таңбалы сан. (9)
6. Теңдеу деген не. (белгісіз санды табу)
7. Логикалық есеп. Бақдәулет з стакан судың 1 стаканын ішіп қойды. Неше стакан қалды?
3. Жаңа сабақ.
- Балалар қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? Ерекшелігіне тоқталып өту.
- Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышты атаңдар?
- Сызғыштың көмегімен тексеріңдер.
- Геометриялық фигураның атауы "Шаршы" енгізіледі. 1 қабырғасын өлшеу арқылы анықтайық. <

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: