п қиындық көрген қаламгер. Шыншыл шығарма-өміршең. Бердібек Соқпақбаев шығармалары кеше шындық болып шырылдап сөйлесе, бүгін өмірдің өзі болып баурайды оқырманды.
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы обылысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын бітірген. "Жұлдыз", "Балдырған", журналдарында қызмет еткен. "Менің атым Қожа" повесі оқырмандардың сүйікті шығармасына айналса, осы повесі бойынша түсірілген фильм 1967 жылы Канн фестивалінің жүлдегері атанды. Жазушының "Балалық шаққа саяхат", "Өлгендер қайтіп келмейді", "Жекпе - жек повестері, көптеген әңгіме, өлеңдері балаларға арналған.
Оқушыларға оқулықтан оқи отырып, өздеріне таныс емес сөздерге белгі қоя оқу. (іштен дыбыссыз оқу), (үш минут).
Қиын сөздерге тоқталып түсіндіру. (топпен жұмыс)
1. Бүкірлеу - еңкейген адам.
2. Қоба сақал - қалың сақалды.
3. Имек бас - қариялар ұстайтын аса таяқ.
4. Ілгері лықсып - алдына қарай жүру.
5. Қауқарсыз - әлсіз, күш-қуатсыз.
6. Біреулерді сүзе барып - біреулерді соға құлайтын еді.
1. Трамвайда кімдер келе жатты?
2. Қарт балаға не үшін рахмет айтты?
3. Бала мен қарт кісі арасында не туралы әңгіме өрбіді?
4. Оқиғаға тағы кім қосылды?
5. Бала неге қысылды?
6. "Инабаттылық" дегенді қалай түсінесіндер?
- Балалар, қазір үш топқа да үш түрлі тапсырма беремін.
1 топ Сендер мына тақтадағы шығарманың оқиғаларын
рет - ретімен орналастыруларың керек жарай ма?
Атаның әңгімесі - 3
Трамвайдан түскенде - 1
Атаның немересі - 4
Атаның балаға риза болуы - 6
Бейтаныс баланың көмегі - 2
Ата мен немересінің әңгімесі - 5
2 топ Әңгімеде мақалдарды тауып көшіріп жазып, мағынасы
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>