Ш дыбысы мен әрпі

Страницы: 1

Сабақтың тақырыбы:Ш дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ш дыбысы мен әрпін меңгерту,сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. ш дыбысының орнын анықтату ,сөз,сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу.
Әдісі:сөздік,әңгімелеу,талдау-жинақтау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын тексеру
27 бет буындарды оқу,сызба бойынша сөйлем құрау,жұмбақ шешу.
Үрлеп алып ойнауға болады,
Жинап алып,байлауға болады. ( ШАР)
Шар сөзін бірнеше кайталату арқылы жаңа дыбысты шығару(ш-ш-ш-ар)
Оқулықпен жұмыс
Баған түріндегі буындарды оқу және оларға дыбыстық талдау жасау
Дәптермен жұмыс
Дәлтерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық
Жазу дәптерінің 25 бетіндегі Ш ш әрпінің жазба,баспа түрін салыстыра отырып,графикалық талдау жұмыстары жүргізіледі. Осы беттегі тапсырмалар мұғалімнің басшылығымен жүйелі орындалады. Берілген буындарды оқуту арқылы мұғалім оқушыларды сөздерді тұтас оқуға үйретеді. Сызьа үлгісіне қарап,сөйлем құрау,оны талдау жұмыстары ұйымдастырылады.
Тапқышбектің тапсырмасы орындалады.
Сергіту сәті
Отырып ақ орнымд,
Айдын көлді кешемін.
Сен білмесең ,егерде,
Былай ескен есемін.
Оқулықтың 29 бет .
Баған түріндегі берілген буындар мен сөздерді оқушыларға оқытып,жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Сызбаға сайкес сөйлем құрау.
Тапқышбектің тапсырмасын орындау.
Ол-көгершін. Ол-шаян. Ол-қайшы. Ол-шегіртке.
Сөз,сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу.
Дәптермен жұмыс.
Шие, шапан.
"Әліппе серігіндегі","Шие тергенде" мәтінін оқып береді Ш дыбысы кездескен сөздерді итапқызу.
Сабақты бекіту:
Бағалау.





Страницы: 1
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: