"Үш аю" ертегісінің желісі бойынша өткізілген ашық оқу іс-әрекеті
Білімділік саласы: Қатынас Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: "Үш аю"
Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке, адалдыққа, бірін - бірі сыйлауға үйрету. өзіне берілген рөлді дұрыс дауыс ырғағымен ойнауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап.
Көрнекілік құралдар: Үйшік, орман, талдар, орындық, маскалар, төсек орны, ыдыстар, себет, үнтаспа.
Рөлде ойнайтындар:Ертекші - Дамир,Ата-Артем,Әже - Мелат, Маша қыз - Жансая, Үш аю (әкесі) - Шыңғыс, анасы - Айым, баласы Мишутка - Нұрхан. Балалар көңілді саз әуенімен залға кіріп, шеңберге тұрады
Жүргізуші: Балалар, сендер ертегілер еліне саяхатқа барғыларың келе ме? Ендеше мұқият тыңдайық:
Сәлем, балғын балалармен қонақтар!
Барлығың бермен қараңдар!
Аюлар жайлы ертегі
Сендерге сыр шертеді
Ертегіні ең қызық
Сахнаға енгіздік
Баяндайық көріңдер,
Өз бағасын беріңдер.
Ертекші(Дамир): Ерте ерте, ертеде атай мен әжей болыпты, олардың Маша деген немересі бар екен. Бір күні Маша: Әже, орманнан жидек теріп қайтайыншы,-деп әжесінен сұранады.
Әжесі: Жақсы бара ғой қызым, тек алысқа ұзама, тез қайтып кел.
Маша(Жансая): Жарайды. . (Балалармен "шырша" биін билейді).
Ертекші:Маша орманда жидек теріп, өлең айтып жүргенде шырша ағаштары кездеседі,сол кезде ағаштар Машаны өздерімен бірге би билеуге шақырады, ары қарай орманда келе жатқан Маша адасып кетеді
Қайтар жолды таба алмай, жылайды. Қарны ашады, шөлдейді, шаршайды, ұйқысы келеді.
А - у - у - у ата, А - у - у - у атаА - у - у - у әже, А - у - у - у әже қа
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>