Ортаңғы тобына ұйымдастырылған оқу-ісәрекетінің технологиялық картасы
Күні: 14. 04. 2016 ж Тәрбиеші: Нуркубаева А. Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: "Ертегілер әлемі". Тақырыбы: "Үш аю".
Мақсаты: балалардың білімін бекіту, ертегілер үзінділерін әнгімелей білу. Балалардың елестейтін қиялдарын дамыту, сөздік қорын молайту. Ертегідегі кейіпкерлердің мазмұнын түсіне білуге үйрету.
Көрнекіліктер:орман тоғай, үйдің және кейіпкерлердің суреті
Қызмет кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Дәлел-ояту
- Балалар күніміз өте керемет басталғалы тур.
Бүгін бізге келген қонақтарға шаттанып, оларға құрмет көрсетіп, өзіміздің қандай балалар екенімізді дәлелдейік.
Бәріміз шеңберге тұрып тобымыздың ұранын айтып жіберейкші.
Бала, бала, балапан
Қане қайсы алақан
Саусақтарын айбат
Олай, бұлай ойнат.
Топ, топ басайық,
Жалаудан гүл жасайық,
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн.
Балалар шеңберге тұрып қайталайды.
Сәлеметсіздер ме?
Ұйымдастыру-іздену
Балалар! Сендер ертегілер еліне саяхатқа барғыларың келеме?
Ендеше тыныш отырып мұқиат тындайық.
Ерте,ерте ертеде бір кішкентай Настя деген қыз болыпты. Бір күні орманға барып адасып қалыпты. Қалай үйін табарын білмей жүре беріпті. Сонда алдынын бір үй кезігіпті. Бұл үйде үш аю өмір сүреді екен. Мамасы, Папасы және баласы. Осы кезде үш аю үйінде болмаған екен. Кішкентай Настя үйге кірсе столдың үстінде тамақтар тұр екен. Әр қайсының дәмін көріп кішкентай аюдың тамағын жеп қояды. Сосын әбден шаршаған Настя жататын бөлмеге барып әр төсекке жатып көріп, кішкентай аюдың төсегіне жаты
Страницы: 1 | 2 > >>