Сенімділік бізгі күш береді

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: " Сенімділік бізге күш береді"
Мақсаты: Оқушылардың емтиханға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру
Міндеті:
Өзіндік сенімін болуға баулу.
өзіндік бағалауын анықтау.
стресті жеңуге жол көрсету
оқушыларға емтиханды сенімді тапсыруға дайындау,оқу-танымдық қабілеттерін арттыру .
Сабақтың түрі: Ойын жаттығулар
Әдіс-тәсілі: ойын түрінде, топпен.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, үнтаспа, смайликтер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлемдесу. Сәлемдесейік иіліп
Жылы жүзбен жымиып
Қызығы мол сабақта
Ойнайықта күлейік.
Менің тренингтік есімім.
Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр оқушы есімін айта отырып,өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады.
Жүргізуші оқушылардың бойында табылған нақты қасиеттерді саралап, қортындылай келе тренинг сабақтың ережесін түсіндіреді.
ЕРЕЖЕ:
1. Құпиялылық
2. Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз
3. Белсенді боламыз
4. Бір-бірімізге ренжімейміз
"қазір" және "осында" принцпі
"Мен қалаған есім"
Оқушылардың өзін жайлы сезінуін қалыптасытыру, ойынға соңына дейін белсенді қатысу мақсатында жүргізіледі.
Тренинг ережесі: Ортаға 12 оқушы шығып, шеңбер құрып тұрады. Оқушылар өзінің жақындарының, өзін қалай шақырғанын ұнатады?
1. Ата-анаңның қалай атағаны ұнайды?
2. Сыныптастарыңның қалай атағаны ұнайды?
3. Мұғалімнің қалай атағаны ұнайды?
4. Достарыңның қалай атағаны ұнайды?
ІІ. Негізгі бөлім.
Дембо - Рубинштейн әдістемесі бойынша өзіне сенімділігін бағалау.
1. "Өзіңді - өзің бағалау" тесті
Түсіндірме: Оқушы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: