нып қалады. Сәлден соң есін жинап, құмырсқадан кешірім сұрайды. Сонда құмырсқа: "Менің үш шартымды орындамайынша, сенің жәбіріңді кешірмеймін", - дейді. Сүлеймен оның қандай шарт екенін сұрайды. Құмырсқа оған: "Біріншіден, бірнәрсе сұрап келген адамды бос қайтарма, өйткені сенен қайыр сұраушы шын мәнінде Аллаһтың саған берген кеңшілігінен сұрап келеді. Олай болса, оларды Аллаһтың кеңшілігінен қалайша тиясың? Екіншіден, осы дүниеде өзіңе берілген артықшылықтарға алданып, дандайсыма, жүрегің қатаяды. Саған бүкіл патшалықты берген Аллаһ Тағала екенін есіңде тұт. Үшіншіден, көмек сұрап келген адамнан қолыңнан келгенді аяма!" - дейді. Сүлеймен оған, "Аллаһ қаласа, бұл айтқан шарттарыңды орындаймын", - деп уәде береді.
ҮІ. Шығармашылық жұмыс
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген тапсырманы орындап, біткен соң жария етеді.
ҮІІ. Топпен ән айту
"Асыл арман" әнін оқушылармен бірге үнтаспаға қосылып орындайды.
ҮІІІ. Үй тапсырмасы
А. Бейсебайдың "Кешірімнің күші" атты әңгімесін түсініп оқып келу
ІХ. Соңғы тыныштық сәті
Баяу әуен қосылады. Балалар денемізді тік ұстап, еркін отырамыз. Қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Көзімізді жұмамыз. Балалар бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Біз бүгін не білдік, не үйрендік сол туралы ойланайық. Жақсы ойларымызды жүрегімізде сақтайық. Әрқашан жақсылықта, амандықта болайық.
Үй тапсырмасы "Кешірімнің күші" атты әңгімесін түсініп оқып келу
Күні: 30. 11. 16
Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан.
Сабақтың құндылығы: "Дұрыс әрекет"
Қасиеттері: Сыйластық, адалдық, шынайылық
Сабақтың мақсаты:
"Дос", "Достық" ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу. <
Страницы: << < 24 | 25 | 26 | 27 | 28 > >>