Сен де бір кірпіш дүниеге

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>

сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. . . Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: "Мен нұрлымын. . . Нұр менің ішімде. . . Мен Нұрмын".
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз. . .
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
3. Үй тапсырмасын тексеру
Б. Әділовтың "Қанат пен Жанат" әңгімесі
Сұрақтар:
1. Атасының үйіне келген қонақ кім еді?
2. Жанат пен Қанаттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?
3. Қанат домбыраны үйренуниетіне қалай жетті?
4. "Талаптыға нұр жауар" деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
5. Талапты бала қандай болады деп ойлайсыңдар?
Сабақ барысын талдау:
4. Дәйексөз.
"Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл. "
Ш. Құдайбердиев
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.
Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады.
5. Әңгiмелеу Аңыз әңгіме
Ертеде бір кісі баласын

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: