Сборка и разборка автомата Калашникова

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

қабырғасындағы саңылау арқылы газ камерасына ұмтылады, газ поршенінің алдыңғы қабырғасына қысым түсіріп, поршень мен бекітпе жақтауы бар бекітпені артқы орынға итеріп тастайды. Кейін итерілгенде – бекітпе ұңғы арнасын ашады, оқтықтан оқсауытты олып, сыртқа лақтырады, ал бекітпе жақтауы қайтармалы серіппені қысып, шүріппені қайырады (оны ұрыстық дайындыққа қояды).
Бекітпе жақтауы бекітпесімен алдыңғы орынға қайтармалы механизм әсерінен оралады, бұл ретте бекітпе оқажатардан кезекті патронды іліп алып, оқтыққа береді де, ұңғы арнасын жабады, ал бекітпе жақтауы автоілмектің дөңесін шүріппенің автоілмегінен шығарады. Бекітпенің жабуы оның оңға қарай бұрылуымен және бекітпенің ұрыстық дөңесінің ұңғы қорабының ұрыстық тіректеріне кірумен жүзеге асырылады.
Егер аустырғыш автомат жағдайындағы атысқа қойылса, онда атыс ағытқыш ілмек қысылып тұрғанда және оқжатардағы патрондар біткенше жалғасады.
Егер аустырғыш жекелей атысқа қойылса, ағытқыш ілмекті басқан кезде тек бір ғана атыс болады. Келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілгекті босатып барып, қайта басу керек.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Калашников автоматы мен пулеметі неге арналған?
Автомат пен пулеметтің механизмдері мен негізгі бөліктерін атаңдар.
Автоматтың (пулеметтің) автоматтық әрекеті неге негізделгенін айтыңдар
Алғашқы әскери дайындық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: аға л-нт Боромбаев М. С




Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: