Тақырыбы
Саябаққа саяхат (байланыстырып сөйлеу)
Мақсаты
Көкөністер мен жемістерді таныстыра отырып,3-4 сөзден тұратын сөйлем құрастыруға дағдыландыру;
Сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді дұрыс айтып беруге тәрбиелеу;
Көкөністер мен жеміс-жидектер туралы ұғымдарын кеңейту.
Құрал-жабдықтар,
көрнекіліктер
Жемістер мен көкөністер,тиін,себет,көкөністер мен жеміс-жидектердің суреттері,
Сөздік жұмысы
Саябақ,саңырауқұлақ,құлпынай
Билингвалды компонент
Қияр-огурцы,сәбіз-морковь,қызылша,қызанақ-помидор.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Бір саңырауқұлақ пен екі құлпынай салынған себет ұстаған тиінді көрсету. Балалармен амандасады.
Анасы орманға көкөністер мен жеміс теруге жібергенін,бірақ ол саңырауқұлақ пен жидек тергенін айтып,себетті көрсету.
Себеттегі саңырауқұлақ пен жидекті санату.
Балаларды тиінге көмектесуге шақыру (көкөністер мен жемістер).
Тиінмен амандасады.
Себеттегі саңырауқұлақ пен жидекті санайды.
Тиінге көмектесуге қуана келіседі.
Ұйымдастыру-
іздестіру
Тыныс алу жаттығуы
Жел соқты: У-у-у-у-у-у-у
Балалар уыстап жеміс тереді: "уыс-уыс-уыс" (уыстап теруге еліктейді).
"Саяжайда" ойыны
Үстел үстінде себетке салынып,беті сүлгімен жабылған көкөністер мен жемістер тұрады. Себетті жапқан әр орамалды ашу үшін бір тапсырмадан орындау керектігін айту.
1-тапсырма
"Сұрақтарға жауап бер"
-Қазір қандай жыл мезгілі?
-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалардың жауабынан кейін себеттің бетіндегі бір орамалды алып тастау.
2-тапсырма
"Жел" тыныс алу жаттығуы
Ж
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>