Сарыарқа

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

тын, кесек тарихы, оқшау ерекшелігі бар, уақытпен бірге жаңғырып - жасарған мекеннің бірі. Бұл өте байтақ мекен, бай мекен. Егер Қазақстанның географиялық картасына зер салсақ, оның орта тұсынан мыңдаған шақырымға созылған адырлы аймақты көреміз. Солтүстігінде Батыс - Сібір ойпатынан басталып, оңтүстігінде Тұран ойпатымен, шығысында Сауыр Тарбағатай тауы жүйесімен, батысында Торғай жазығына дейін созылған, алып жонды ертеден - ақ халқымыз Сарыарқа деп атаған. Батыстан шығысқа 1200 шақырымға созылып жатыр.
Сарыарқа каледон (батыс жағы) және герцин (шығыс жағы) қатпарлы кезеңінде қалыптасты. Неотектоникалық қозғалыстың сонымен бірге желге мүжілу үдерісі салдарынан Сарыарқаның жер бедерінің осы қазіргі бейнесі қалыптасты. Бұл бөліктегі ең биік тау - Қызыларай, оның ең биік нүктесі Ақсораң (1565м).
Қызыларай тауы Қазақстандағы кен көлемде мекен ететін арқарлардың жері. Одан солтүстікке қарай Қарқаралы тауы, оның ең биік нүктесі Жиренсақал (1403 м).
Қарқаралы территориясында Қарқаралы атты ұлттық саябақ бар.
Мұндағы ірі ойыс - Теңіз Қорғалжың қазаңшұнқыры. Ол Сарыарқаның батыс бөлігін екіге бөліп жатыр: Бурабай және Ұлытау (1134м).
Сарыарқа - пайдалы қазбаларға бай өлке. Қарағанды мен Екібастұз көмір өндірудің ірі ошақтары болып табылады. Жезқазған, Қонырат және Саяқ кен орындары мыс, темір, марганец кендеріне бай. Жезқазған, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында ірі металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді. Ақсуда ас тұзы өндіріледі.

Бекіту сұрақтары.
1. Сарыарқаның ең биік тауы? (Қызыларай)
2. Сарыарқа қандай аудандармен шектеседі? (Солт. Қаз. ж. , Тұр. , Тор. , Сауыр)
3. Сарыарқа өлкесі қандай таулардан тұрады? (Қызыларай, Қарқаралы, Кент, Баянауыл, Шыңғыстау, Ұлытау)
4. Қарқаралы тауының шығу тарихы? (Қарқара қаза

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: