Тақырыбы: Сантиметр. Дециметр.
Сабақтың мақсаты: ұзындық өлшем бірліктерін - санти - метр мен дециметр туралы балалардың түсініктерін кеңейту.
Тірек білімін, білігін, дағдыларын белсендіру.
Оқушылардың тірек білімін (бұрынғы) белсендіру үшін балаларға практикалық жұмыс ретінде кесінділерді өлшеуді тапсырамыз. Негізінде әр бала оз бетінше, жеке-жеке кесінділермен жұмыс істегені дұрыс. Мұғалім оңушылардың сызғышты дұрыс пайдалануын қадағалап отырады.
Жаңа білімді қабылдауға жетелеу. Жаңа материалды қабылдауға дайындау үшін мұғалім балаларға тәжірибе түрінде мынадай тапсырма береді:
- Партаның ұзындығын, тақтаның ұзындығын, тақтаның енін өлшеңдер.
Жаңа материалмен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс.
Мұғалім жаңа, ірірек өлшем бірлігімен таныстырмас бұрын балалардан: "Ұзын заттарды сантиметрдің көмегімен өлшеген ыңғайлы ма?" - деп сұрайды. Содан соң балаларды дециметрмен таныстырады. Ол үшін оқулықта 2 тапсырмада арнайы жолақ орналастырылған. 1 дециметрді құрайтын жолақ әрқайсысы 10 сантиметрден теңдей 10 бөлікке бөлінген.
"Ендеше, балалар, ұзын заттарды өлшеу үшін ірірек өлшем бірліктерін пайдалану қажет. Ондай өлшем бірліктердің бірі -дециметр (дм)".
Ұзындығы 1 дм жолақты алып, партаның енін өлшеңіз.
Естеріңде сақтаңдар: 1 дм дегеніміз - 10 см, ал 10 см - 1 дм-ге тең.
Алғашқы бекіту.
3 тапсырма нумерация мен ұзындық өлшем бірліктері арасында байланыс орнатуға бағытталады.
Білім жүйесіне жаңа білімді енгізу.
4 тапсырма жаңа білімді қолдануға арналады. 5 және 6 тапсырмаларда балалар жаңа білімдерін бұрын оқылған материалға кіріктіре алады немесе бұл кезең білім жүйесіне жаңа білімді енгізу деп аталады.
Баспа дәптерімен жұмыс.
Геометриялық материал, соның ішінде б
Страницы: 1 | 2 > >>