бты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің қоректік агарда 24 сағатта 370С - та 2 есеге көбейген колонияны анықтайды. Мембраналы фильтрация әдісімен жалпы және термотолерантты колиформды бактерияларды анықтау.
Мембраналы фильтрация негізгі әдіс.
Жалпы колиформды бактериялар - грам теріс, оксидаза теріс, спора түзбейтін таяқшалар, 24 - 48 сағатта (37-1)0С - та лактозаны (глюкоза) қышқылға, альдегидке және газға дейін ферменттейтін дифференциалды лактозалы ортада өсуге қабілеті бар.
Бұл топ Enterobacteriaceae туыстығының бірнеше тұқымдастығын біріктіреді:
Escherichia
Citrobacter
Enterobacter
Klebsiella
Олар қоршаған ортаға, сонымен қатар суға адам мен жануарлардың нәжістері арқылы түседі, сондықтан оларды анықтау фекальді ластануды аңғартады. Жалпы колиформды бактериялардың судағы саны ластану деңгейін және ішек инфекциясына қатысты эпидемиялық қауіптілікті білдіреді. Термотолерантты колиформды бактериялар жалпы колиформды бактериялар саны қатарына кіреді, сонымен қатар барлық қасиеттерімен және 24 сағатта (37-1)0 С - та лактозаны (глюкоза) қышқылға, альдегидке және газға дейін ферменттеуге ие.
Әдістің принциптері: әдістің негізі мембраналы фильтрдің өз беткейінде және саңылауларында су арқылы фильтрленетін бактерияларды ұстап қалу және фильтрде өсіру, кейін лактозалы дифференциалды - диагностикалық орта беткейіне орналастырып, биохимиялық және мәдени қасиеті бойынша колония түзген бактерияларды идентификациялау.
Мембраналы фильтрлеу әдісі титрационды әдіске қарағанда жаңалау, дәлірек, ауыр емес және арзан болып келеді. Сонымен қатар, аумағы аз фильтр беткейінде көп мөлшердегі су құрамындағы бактерияларды концентрациялауға оңай. Суды санитарлы - бактериологиялы
Страницы: << < 13 | 14 | 15 | 16 | 17 > >>