Саналы ел салтын сақтар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Саналы ел салтын сақтар
Мақсаты: Оқушылардың арасында салт - дәстүрлерді насихаттау, ұлттық өнерге
деген көз қарасын анықтау, қызығыушылығын арттыру. Оқушыларды еліне
деген сүйіспеншілікке, ұлттық мәдени құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.
Ұлттық өнеге, инабаттылық, қол - шеберлік, сымбаттылық қасиеттерді дамыту.

Көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері,
слайдтар

1-жүргізуші:
Ата салтым - асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Жиналыппыз,сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз,кәріміз де.
Төрлетіңіз,қадірменді қонақтар,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төріміз.
Өнер халық- өміршең халық, қазақтың әдет-ғұрпына,салт-дәстүрлеріне бағытталған "Саналы ел салтын сақтар"атты сайысымызды бастаймыз.
2-жүргізуші:
Сайысымыз 4 айналымнан тұрады.
1-айналымда қатысушы командалар өз командаларын таныстырады.
2- айналымда "Білімді мыңды жығар" тақырыбында қатысушы командаларға ұлттық бағытта сұрақтар қойылады
3- айналымда "Фототапсырма". Қатысушыларға экран арқылы ұлттық бұйымдар мен ыдыс- аяқтар, құрал-жабдықтар, бұйымдар көрсетіледі. Қатысушыларға жүктелген тапсырмат фотосуретте көрсетіліп, бұйымның атын және не үшін пайдаланатынын түсіндіру қажет.
4- айналымда "Өнерім өнеге болсын". Қалаған ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын берілген уақытта сахнада дайындап көрсетуі қажет.
1-жүргізуші:
1-айналым бойынша қатысушы командалард

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: