Сабақтың тақырыбы: Салық жүйесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік-оқушылардың салық және салық жүйесі туралы білім деңгейін жетілдіру;
Дамытушылық-оқушылардың экономикалық танымын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру;
Тәрбиелік-өз ойын еркін жеткізе білуге, еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру
Сабақтың әдісі: іскерлік ойын сабағы
Сабақтың көрнекілігі: схемалар, үлестірмелі материалдар, жетондар, тест сұрақтары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, дәрісхананың сабаққа дайындығын бақылау. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақ жоспарымен таныстыру.
ІІ. Өткен сабақты қайталау сұрақтары:
1. Өткен тақырып бойынша қоржындағы сұрақтарға жауап беру.
2. Жауабына қарай оқушының білім деңгейін жетондар арқылы бағалау. (сары жетон-5; жасыл жетон-4; қызыл жетон-3).
3. Үй тапсырмасы бойынша қойылған сұрақтар:
1. Мемлекеттік бюджет дегеніміз не?
2. Мемлекеттік бюджеттің табысы мен шығысына нелер жатады?
3. Республикалық бюджеттің жобасын талқылау реті қандай?
4. Бюджет тапшылығының себептері?
5. Бюджет тапшылығын кеміту үшін не істеу керек?
6. Профицит дегеніміз не?
7. Дефицит дегеніміз не?
8. Жергілікті бюджетті кім бекітеді?
4. Тест тапсырмаларын үлестіру
1. Шығыстан табыстың көп болуы:
A) тапшылық
B) дефицит
C) профицит
D) пайда
E) түсім
2. ҚР бюджет жүйесінің құрылымы:
A) жергілікті бюджет, аудандық бюджет
B) республикалық бюджет, аймақтық бюджет
C) облыстық бюджет, аудандық бюджет
D) жергілікті бюджет, облыстық бюджет
E) республикалық бюджет, жергілікті бюджет
3. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің қағидалары:
А) бірлігі, толықтылы
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>