2015-2016 оқу жылы 12. 02. 16
 Новоселов орта мектебі КММ
 Сынып сағаты
 1- сыныпта
 Дайындаған: Ескендирова Г. Г. 
Тақырыбы: "Салауатты отбасында дені сау бала"
Мақсаты: 1. Оқушыларға ең бірінші байлық денсаулық екенін, өз денсаулығына, отбасы денсаулығына көңіл бөлуге үйрету және отбасылық салт-дәстүрді сақтау еліміздің негізі екенін ұғындыру. 
2. Сын тұрғысынан ойлауын дамытып, сөйлеу шеберлігін жетілдіру. 
3. Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. 
Сынып сағатының барысы:
 -Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар, адамдардың бір-бірімен "СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ?" деп амандасуы - аман - саусыз ба, есенсіз бе - деген мағынаны білдіреді. Ендеше адамның денсаулығы - өмірдегі ең бірінші байлық екен. 
-Балалар, дені сау дегенді қалай түсінесіңдер? (ауырмау)
-Ал ауырғанда біз өзімізді қалай сезінеміз? (нашар, бас ауырады, тамақ ауырады,жөтелеміз, ештеңе істей алмаймыз, төсекте жатамыз, дәрі ішеміз)
-Ия, ауырған жақсы емес. Ешкім де ауырғанды ұнатпайды. Ал ауырмау үшін біз салауатты өмір сүруіміз керек. 
- Салауатты өмір сүру - деген не, соған тоқталайық. 
- Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз - күнделікті өмірде жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс отырып - тұру, дұрыс тамақтану, яғни күн тәртібін сақтау дегенді білдіреді. 
 oo Балалар, салауатты өмір сүру үшін спортпен шұғылданудың маңызы өте зор. Сендер қандай спорт түрлерін ұнатасыңдар , отбасында кім қандай спорт түрімен шұғылданады? (балалар жауабын тыңдаймыз)
 oo Балалар, "отбасы" деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
Ой шақыру: Қазір мына бір-бір қағазға өз ойларыңды жазасыңдар. (топтастыру)
 Отбасы 
(балалар жауабын тыңдаймыз)
 oo Отбасым мынылар:
Ең жақын адамдар-
Әкем м
		Страницы: 1 | 2 > >>
