Сабақтың тақырыбы: Көңілді тапқырлар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Көңілді тапқырлар.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың осы уақытқа дейінгі
алған білімдерін пысықтай отырып,
берілген тапсырмаларды ынталана
дұрыс орындай білуге үйрету.
2. Оқушылардың сана – сезімін
қалыптастыру және терең ойлауы мен
ізденісін дамыту. Өз ойын еркін жеткізе
білуге дағдыландыру.
3. Ізденімпаздыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ, топтық сайыс.
Әдісі: сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Жоспары:
Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі.
Математика бойынша ауызша сұрақ – жауап.
Логикалық есептер.
Жаңылтпаштар сайысы.
Мақал – мәтелдің екінші сыңарын табу.
Тамаша бестік.
Жеңімпаз Кім көп біледі?
Сабақтың барысы:
Қайырлы күн, қадірмен ұстаздар, оқушылар. «Көңілді тапқырлар» сайысына қош келдіңіздер.
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар, - сайыскерлерімізді таныстырайын.
(оқушыларды екі топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.
І. «Тапқырлар» тобы. Ұраны: Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
ІІ. «Ойшылдар» тобы. Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
І. Математика бойынша сұрақ – жауап.
1. S а в қай фигураның ауданы? (тіктөртбұрыш)
2. 8 неге тең? (64)4. 5 256. 7 49
3. 2 неге тең? (8)5.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: