Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары

Страницы: 1 | 2  >  >>

Қазақтың ұлттық тағамдары
Сабақтың мақсаты:
Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, "ой-қозғау" тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену дағдысын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру сабақтың негізгі мақсаттарын құрайды.

Көрнекілігі: сызбалар, тағамдар, суреттер
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) амандасу;
2) кезекшінің есебі;
3) сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Қазақтың дастарқаны.
Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Сондықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды.
Қазақтың ұлттық дастарқанында болатын негізгі тамақтардың түрлері:
1) ет тағамдары;
2) сүт тағамдары;
3) нан тағамдары.
Ең негізгі ұлттық тамақ - қазақша ет.
Ет тағамдары: еттен жасалған - даярланған тағамдар:
1) қуырдақ;
2) қазы;
3) шұжық;
4) жая.
Нан тағамдары:
Бауырсақ;
жалпақ нан;
таба нан;
самса;
бәліш.
Сүт тағамдары:
қымыз;
шұбат;
айран;
құрт;
ірімшік;
сарымай;
қаймақ;
сүзбе.

ІІІ. Жаңа сөздер:
Қонақ - гость
Бесбармақ - мясо по-казахски
Қуырдақ - обжаренное мясо
Бата - благословение
Қымыз - кобылье молоко
Шұбат - верблюжье молоко
Әзірлеу - приготовить
Тамақ - пища, еда
Құрметтеу - уважать.
(Сөздерді мұғалім оқып, аударады, балалар қайталайды).

ІV. Жаңа сөздермен сөйлем құру.
Мысалы: Қонақ келді.
Анам бесбармақ пісірді.
Әкем қымыз, шұбат әкелді.
Қонақ бата берді.

V. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
а) мәтінді мазмұндау;
б) өлеңдер оқу.
Қымыз
Қымыз - бие сүті ғой.
Ұнаса, тағы іше ғой.
Қымыздан көп пайда бар.
Нағыз қымыз тауда бар.

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: