Күні:14. 11. 13
Тақырыбы: Аңдар
Мақсаты:
Білімділік: Аңдардың атауларын меңгертіп, олардың тіршілік ететін ортасын, немен қоректенетіні туралы мәлімет беру. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. Қандай? Қайда? Ненің? сұрақтарына түсініп жауап беруге дағдыландыру.
Дамытушылық: Қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру, ой-өрісін дамыту. Салыстыру, қорытынды жасай білуге үйрету. Есте сақтау қабілетін дамыту. Сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: Қоршаған орта, аңдарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Танымдық деңгейін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Әдістері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, қорытынды жасау, салыстыру,шығармашылық.
Көрнекілігі: Суреттер, дидак суреттер
Сабақтың барысы:
. Ұйымдастыру кезеңі
. Өткен материалды еске түсіру
Ой қозғау
. Жаңа сабақ
. Сергіту сәті сөздік
. Жаңа сабақты бекіту
. Қорытынды
. Үй тапсырмасына дайындық
. Үй тапсырмасын беру
. Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
(оқушыларды сабаққа дайындау, зейінін сабаққа аудару)
- Балалар, қазір қандай сабақ?
- Қазақ тілі сабағында не істейміз?
- Сыныпта кім кезекші?
Өткен материалды еске түсіру.
Ой қозғау:
1Өткен сабақта біз қандай тақырып өттік?
2Үй жануарларды атаңыз?
3 Олардың қандай пайдасы бар?
4Жылқының сүтінен не жасайды?
Жаңа сабақ
Сабақтың мақсатын айту.
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы: Аңдар. Олардың тұратын мекені, немен қоректенетіні туралы балаларға айту. Суреттерді көрсете отырып, жаңа сөздермен таныстыру- сөздерді хормен қайталау жеке оқушыдан сұрау, қайталату- жуан, жіңішке сөздерді атау- үлкен, кішкентай аңдарды атау- қайда? сұрағының қойылу ерекшелігін түсіндіру.
Дәптермен жұмыс
1- тапсырма. Жаз
Страницы: 1 | 2 > >>