Сабақта

Страницы: 1 | 2  >  >>

Пәннің аты
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Сабақта
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Сабақ туралы түсінік беру. Оқулықта берілген тапсырмаларды орындату. Жаңа сөздер үйрету.
Психологиялық ахуал
. Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Сурет бойынша әңгімелесу.

Мағынаны тану
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.
Қосымша тапсырмалар:
"Бір сөзбен айт" сайысы:
Әр топқа 6 парақ қағаз беріледі. Парақтарда оқу құралдары, пәндер, мамандықтар, жемістер,үй жануарлары, азық-түліктер, дене мүшелері, көкөністер,түстер, аңдар, киімдер, отбасы мүшелері деген сөздер жазылған. Оқушы қолына тиген парақтағы сөзді оқып, сол сөзге қатысты бірнеше сөз айту керек. Мысалы: парақтағы сөзде оқу құралдары деп жазылған, оқушы дауыстап оқымай, біраз ойланып кітап,қалам,өшіргіш, қарындаш, сызғыш дейді.
I -топ
кітап,қалам,өшіргіш, қарындаш, сызғыш - оқу құралдары
математика, қазақ тілі, орыс тілі, дүниетану - пәндер
құрылысшы, дәрігер, мұғалім, әнші, биші - мамандықтар
алма, алмұрт, анар, ананас - жемістер
сиыр, түйе, қой, жылқы - үй жануарлары
айран, нан, сүт, шұжық, кәмпит - азық-түліктер
II-топ
көз, мұрын, құлақ, аяқ, бас, қол - дене мүшелері
картоп, пияз, қияр, қызанақ, сәбіз - көкөністер
қызыл, көк, жасыл, қоңыр, ақ, қара - түстер
аю, қасқыр, түлкі, қоян, арыстан, кірпі - аңдар
көйлек, жейде, шалбар, құлақшын, тон - киімдер
ата, әже, әке, шеше, аға, әпке, сіңлі - отбасы мүшелері
Сергіту сәті
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: