Пәннің аты:
Еңбекке баулу
Уақыты:
Кабинет: 17
Мұғалім:
Г. Н. Ильясова
Сабақтың атауы
Сабаннан бұйымдар жасау
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
қолданбалы өнер түрлерімен таныстырып сурет жасауды үйрету және олардың жеке басының қабілетіне байланысты шеберлігін арттыру.
2. ) Оқушыларды қолданбалы өнер туралы білімдерін байытып, оларды еңбек сабағына қызықтырып, еңбекке
деген ынтасын арттыру және олардың ой - қиялдарын дамыту.
3. ) Оқушыларды әр түрлі халық өнерін бағалауға, сыйлауға, жұмысты таза, ұқыпты істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа дағды мен ептілік меңгеру
Сабақта қолданатын әдістер:
Сабақ құрал - жабдығы: - сабаннан жасалған суреттер
Психологиялық ахуал
Тақтада жазылған: " Өнер түрі елде мол,
Өнім сыры жерде мол".
" Өнерлінің он саусағы тең,
Өнерсіздің бір саусағы кем"
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Мұғалім Оқушыға сұрақ: Өнер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Сіздер қазақтың қолданбалы өнердің түрлерімен таныссыздар (оқушылар бірге кітап көрсетіп еске түсіру. )
Олар: - кестелеу,
- оюлап өрнектеу
- киіз басу
- сырмақ сыру
- кілем - алаша тоқу
- сүйек мүсіндеу
- зергерлік
- ағаш ою
- тас қашау
- теріден бұйымдар жасау т. с. с.
Сабаннан сурет жасаудың технологиялық тізбесі
1. Сабанның бұнақтарын кесіп алады
2. Сабанның тақияларын 1 - 1, 5 суға қайнатады
3. Қайнатылған таяқтарды тіліп үтіктейді
4. Таяқшаларды ПВА қолданып жұқа қағазға желімдеп, қайтадан үтіктейді
5. Суретті ақ және түсті қағаздарға түсіріп алады
Жұмысқа кірісер алдында қауіпсіздік жұмыс ережелерін еске түсіреді.
Страницы: 1 | 2 > >>