Сабақ топтамалары дүние тарихы

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10  >  >>

лтіріледі. Оқушылар бұл мәліметтер Қытай мемлекеті туралы екендігін анықтау қажет)
Оқылатын мәтін.
Шығыс және Орталық Азияда орналасқан бұл ел территориясы жөнінен әлемде үшінші орынға ие. Елде мылтық дәрісімен қағаз жасауды ойлап тапқан, ерте заманнан - ақ күріш өсірумен айналысқан халық тұрады. Бұл жерде адамдар сонау палеолиттен бастап мекендеген. Ерте замандардан қалыптасқан иероглиф жазуы әлі күнге дейін қолданылады. Бір қызығы олар жоғарыдан бастап төменге қарай жазады. Б. з. б ІІ ғасырдың ортасында дамыған Ұлы Жібек жолының шығуында да бұл елдің ерекше маңызы бар. Қазіргі таңда бұл ел дүние жүзі бойынша социалистік бағытта дамып келе жатқан мемлекет болып табылады.
Мәліметтерде қай мемлекет туралы айтылған?
Оқушылар "Қытай" мемлекеті деп жауап бергеннен кейін өздерімен бірге отырып, сабақтың мақсаты мен міндеттері айқындалып алынады.
Сабақ жоспары:
1 Қытай - ежелден жер шаруашылығымен айналысқан ел.
2. Қытайдағы жер иеліктері
3. Орта ғасырлардағы Қытайдың саяси құрылысы
4. Діннің таралуы.
Қытай жерінде құлдық қоғам ыдырағаннан кейін феодалдық қатынас орнай бастады.
Қытай жері Ұлы Қытай қорғанынан Оңтүстік Қытай теңізіне дейін, сол кездегі шаруашылығы жақсы дамыған аймақтар - Хуанхэ, Янцзы өзендеріне және Сычуань, Шаньдань аймақтарына дейінгі жерлерді алып жатты. (картамен жұмыс). Қытайда суармалы егіс кең етек алды. Қытайды әлі күнге дейін Жібек елі деп атайды. Себебі: Қытайда ежелден жібек құрты өсірілді.
Қытай мен Батыс Еуропа арасындағы сауда жолы Ұлы Жібек жолы деп аталады.
Қолөнер өте жақсы дамыған, әсіресе қыштан жасалған ыдыстар, қола және темір бұйымдар шетке шығарылған.
Қытайда жер иелігінің екі түрі болды. Император қолындағы жер мемлекет меншігі деп есептелді. Императорға қызм

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: