Сабақ жоспары

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

арап, табиғаттағы тірі және өлі денелерді ажырату.

2) Мәтінді оқу. Мәтінді оқу барысында түсініктермен анықтамаларға тоқталып оқушылардың өз сөздерімен түсіндіруін сұрау. Оқығанды талқылау. Сұрақтар.

1) Дене дегеніміз не?

2) Табиғаттағы дене қандай күйде болады?

3) Табиғи және жасанды денелердің негізгі айырмашылығы. Сызба құрастыру.

4) Қандай қасиетіне қарап заттарды анықтауға болады?

5) Дененің қандай заттардан тұратынын білу қажет пе? Не үшін?

Жұмыс дәптерде орындалады. Дене мен заттың арасалмағы.

Дененің суретін салып оның қандай заттардан тұратындығын жазу.

2 минут уақыт беріліп, кейіннен талқылау.

Сұрақ. Егерде зат қалыпты жағдайын өзгертсе, дене өзгере ме? Мысал келтір.

3) Мәтінді оқу.

"Табиғаттағы құбылыстар" тақырыбын талқылау.

Жұмбақты шешу. Табиғаттың қандай құбылысы туралы айтылған?

6. Ой-қиял. Топпен жұмыс. Тапсырма: жұмбақты шешу, жауабының суретін салу және оның қандай денеге жататынын анықтау.

Келсе де әні құлаққа,

Өзін ешкім көрмейді.

Жұмсақ қопа құраққа,

Тіптен маза бермейді. (Жел)



Ақ сиыр тұрып кетті,

Қара сиыр жатып қалды. (Қыс пен көктемнің ауысуы)



Жұпар иіс еседі,

Жайнап бақта өседі. (Гүл)



Бес балада бір бешпет,

Бір киініп, бір шешпек. (Қолғап)



Әр уақытта өзен үсті тұрағы,

Арғы бетке алып өтіп тұрады. (Көпір)



Орғыған қорқақ, көзі қыли еді

Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді. (Қоян)

Жұмысқа 3-4минут уақыт беріледі. Таныстыру үшін жұмбақты барлық оқушыларға арнап оқып, жауабын табуын сұрайды. Жауабы табылғаннан кейін көрс

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: