Ж. Болғанбаев атындағы самар орта мектебі . Хасенова Б. З
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сын есімнің мағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс әрекеттерін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Сөз мағынасына мән беруге тәрбиелеу, білімге, оқуға құштарлық сезімінің артуына ықпал ету.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау, топтастыру, танымдық ойындар.
Сабақтың көрнекіліктері: интербелсенді тақта, семантикалық карта
Пәнаралық байланыс: әдебиет, халықтық педагогика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен амандасып, түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. 145- жаттығудың орындалуын тексеру
2. Зымыран сұрақтарға жауап алу
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Тұлғасы жағынан сын есім нешеге бөлінеді.
3. Негізгі сын есім дегеніміз не?
4. Туынды сын есім дегеніміз не?
5. Сын есімнің құрамына қарай бөлініуі
6. Дара сын есім дегеніміз не?
7. Күрделі сын есім дегеніміз не?
8. Сын есім жасайтын жұрнақтарды ата.
ІІІ. Жаңа сабақ. Сын есімнің мағыналық түрлері (Слайд арқылы схема бойынша сабақты түсіндіру)
Сын есім мағынасына қарай
Сапалық сын есім Қатыстық сын есім
(заттың түсін, сынын тікелей анықтайтын (заттың түр- түсін, сын- сипатын
негізгі түбір сын есімнің түрі) басқа сөз табының қатысы арқылы
Мыс: қызыл, мата, ащылау тағаманықтайтын сын есімнің түрі )
Мыс: орманды алқап, өнерлі жігіт
IV. Сергіту сәті (Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру мақсатында)
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>