Дайындаған: Ахметова Ф. М. 
 Тақырыбы: 
 Рухани жаңғырудың жарқын жолы
 М. Жұмабаев атындағы орта мектеп
 Күні : 16. 01. 2018жыл
Сабақтың тақырыбы: Рухани жаңғырудың жарқын жолы. 
Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. 
Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың - табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі. 
Сабақтың түрі: сыныптан тыс ашық сабақ
Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, нақыл сөздер, суреттер, плакат т/б. 
Сабақ барысы:
Шаттық шеңбер 
Бәрі бізгеБіз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кең ашқан. 
Тілегіміз тыныштық,
Ашық болсын кең аспан
Мықты болсын іргеміз
Бәрімізде біргеміз. (шарды ұшырады) :
Мұғалім: Қайырлы күн ! құрметті ұстаздар - Бармысыздар, Болашақтың бастауы,
Балғын шақты балалар!
- Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда. Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы жолдауында "Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру" деп аталады. Рухани жаңғыру дегеніміз балалар,әрадам өзінің елін, жерін, әдет-ғұрпын, салтанатын,экономикасын барлық әлемге таңытып жақсы жағынан көрсету болып табылады. Барлық елдермен қатарлас болу. Терезесі тең,керегесі кең ел қатарын қосылу. Соның аясында 6 бағыт бойынша көрсетіп өтті. "Бәсекеге қабілет", "Прагматизм", "Ұлттық бірегейлікті сақтау", "Білімнің салтанат құруы", "Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы", "Сананың ашықтығы"
 Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
