Робототехника дегеніміз - бірнеше пәннің үйлесім табуы.
Қазақстан - жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр.
Мектептердегі білім беру "Robotics" бүгін маңыздылығы мен өзектілігіне ие. Оқушылар алғашында шетелдік кинолардан көрген түрлі робот кейіпкерлеріне қызығу арқылы келеді. Мұнда оларға роботтардың түрлерін таныстырып, олардың маңыздылығын түсіндіреміз. Робототехника өмірдің барлық саласында қолданылады. Өздігінен ашылып-жабылатын есіктерден бастап нанотехнологияларға дейін робототехника пайдаланылады. Үйірмелерде "Lego" роботтары негізінде үйретіледі. Қазір осы робототехника саласын жалпы білім беретін мектептерге енгізу бойынша, әлеуметтік жоба жүргізілмек. Елімізде алғашқы робототехниканы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі оқушыларды оқытса, енді қарапайым мектептерде информатика, физика пәндерінің мұғалімдері робототехника негіздерін үйретеді.
Робот жасау - әр адамның ойлай білуіне байланысты. Роботқа жүктелетін міндеттің орындалуы үшін бағдарлама жазылады. Роботты құрастыру оңай болғанымен, бағдарламалауға келгенде қиындықтар болады. Бір роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға кететін уақыт мөлшері оның күрделілігі бойынша анықталады. Робот құрастырғанда бөлшектерінің мығымдығы мен беріктігі де оның шыдамдылығын арттырады. Күрделі бағдарлама роботты күшейтеді. Мектептерде робототехниканы үйрету жөнінде үйірмелер ашылуда. Оқушылар сабақтан кейін үйірмеге қатысып, құлтемір жасауды үйренеді. Робототехника дегеніміз - бірнеше пәннің үйлесім табуы. Құлтемірді жасаған кезде алдымен бағдарламасын жазады. Бағдарлама жасау барысында міндетті түрде математика, информатика, физика, геометрия
Страницы: 1 | 2 > >>